Қазақстанда жеке сот орындаушыларына бақылау күшейтіледі
Қазақстанда жеке сот орындаушыларының қызметіне қойылатын талаптар қатаңдатылмақ, деп хабарлайды ZontNews.kz. Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәжілісте мақұлданған заң жобасына сәйкес, жеке сот орындаушылары міндетті аттестаттаудан өтеді. Олардың заңнаманы және кәсіби әдеп кодексін білу деңгейі арнайы тексерілетін болады. Аттестаттаудан өтпеген жағдайда лицензиядан айыру қарастырылған.
Сонымен қатар жеке сот орындаушыларының көмекшілері мен тағылымдамадан өтушілеріне қойылатын талаптар да күшейтіледі. Атап айтқанда, соңғы үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық жасаған тұлғалардың бұл салаға араласуына шектеу енгізіледі.
Жаңа нормаларға сәйкес, әділет органдарының бақылау өкілеттіктері кеңейтіліп, бұзушылықтарды жою жөнінде ұсыныс беру және олар орындалмаған жағдайда лицензияны уақытша тоқтату мүмкіндігі қарастырылған.
Сондай-ақ уәкілетті органдардың сұрауы бойынша жеке сот орындаушыларының шоттарындағы қаржы қозғалысы туралы ақпарат ұсыну міндеттеледі.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз