Қазақстанда «ыңғайсыз» БАҚ жоғалып барады: медианарықта не болып жатыр?
Қазақстанда медианарық өсіп жатыр деген ресми мәлімдемелерге қарамастан, керісінше үрдіс күшейіп келеді – тәуелсіз ақпарат құралдары жабылып, редакцияларға қысым артып отыр. Бұл туралы ZontNews.kz. Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ресми деректер бойынша, 2025 жылы елде жүздеген жаңа БАҚ тіркелген. Алайда жабылған ақпарат құралдарының нақты саны белгісіз күйінде қалып отыр.
Сарапшылардың айтуынша, әсіресе онлайн медиаларға қысым күшейген. Қатаң талаптар, бұғаттау қаупі және материалдарды өшіру міндеті журналистерді өзін-өзі шектеуге итермелеуде.
Соңғы резонансты оқиғалардың бірі – AIRAN MEDIA жобасының жабылуы. Редакция қазіргі жағдайда жұмысын жалғастыру мүмкін емес екенін мәлімдеді. Бұдан бөлек, кейбір медиалар қызметін тоқтатса, енді бірі ел аумағында бұғатталған.
Сонымен қатар, баспа БАҚ та қиын кезеңді бастан кешіріп отыр: соңғы жылдары жүздеген газет жабылған. Бұған тарату шығындарының өсуі мен оқырман сұранысының төмендеуі әсер еткен.
Мамандар мұндай үрдістер тәуелсіз журналистиканың әлсіреуіне және қоғамдағы ақпаратқа деген сенімнің төмендеуіне әкелуі мүмкін екенін ескертеді.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз