Қазақстанда шетелде іздеуде жүрген ондаған адам ұсталды
Жыл басынан бері Қазақстан аумағында көршілес және серіктес елдердің сұрауы бойынша іздеуде жүрген 51 адам қолға түсті. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Ресми дерекке сәйкес, ұсталғандардың басым бөлігі – Өзбекстан азаматтары (38 адам). Сондай-ақ Қырғызстаннан – 11, Әзірбайжаннан 2 адам құрықталған.
Сонымен қатар Қазақстан құқық қорғау органдары шетелде іздеуде жүрген күдіктілерді анықтау бағытында да жұмыс жүргізуде. Атап айтқанда, елімізде Қырғызстаннан іздеуде болған 10 адам, Өзбекстаннан бір адам және Түркиядан 3 күдікті ұсталған.
ІІМ мәліметінше, Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдермен бірлескен жұмыс қылмыскерлерді іздестіруде жоғары тиімділік пен үйлесімділікті көрсетіп отыр.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз