Қазақстанда IT-мамандарды арнаулы органдарға тарту күшейтіледі
Елімізде цифрлық қауіпсіздік саласын дамыту және интернет-қылмысқа қарсы күресті күшейту мақсатында IT-мамандарды қолдауға ерекше назар аударылып отыр. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында депутат Болат Керімбек мәлімдеді, деп хабарлайды ZontNews.kz
Оның айтуынша, азаматтардың жеке деректері, қаржысы мен цифрлық өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бүгінгі таңда аса өзекті. Мұндай міндеттерді тиімді орындау үшін жоғары білікті, заманауи цифрлық және аналитикалық дағдылары бар мамандар қажет.
Осыған байланысты заң жобасында IT саласындағы талантты жастарды арнаулы мемлекеттік органдарға тарту тетіктері қарастырылған.
Депутат халықаралық тәжірибеде мұндай икемді тәсілдердің тиімділігі дәлелденгенін атап өтті. Бұл өз кезегінде мемлекеттік құрылымдарға инновацияларды жедел енгізуге және цифрлық дамуды жеделдетуге мүмкіндік береді.
Айта кетейік, бұған дейін отандық IT-компаниялар мемлекеттік органдармен бірлесіп, кәсіпорындарда цифрлық жобаларды іске асыруға қолдау көрсететіні хабарланған болатын.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз