Қазақстанда халықты паналау орындарына арналған жаңа стандарт енгізілді
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда төтенше жағдайлар кезінде пайдаланылатын паналау орындарына арналған жаңа стандарт – СТ РК 4016-2025 күшіне енді. Бұл құжат жертөлелерді, жер асты паркингтерін және басқа да жер асты кеңістіктерін халықты қорғау мақсатында бейімдеуге қойылатын талаптарды айқындайды, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Стандартта ғимараттарды тексеру және бейімдеу тәртібі, сондай-ақ тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері – желдету, сумен жабдықтау, электрмен қамту, санитарлық жағдайлар мен байланыс жүйелері қамтылған. Қажет болған жағдайда конструкцияларды күшейту және қайта бейімдеу шаралары да қарастырылған.
Жаңа стандарт төтенше жағдайларға дайындық деңгейін арттыруға, халық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жер асты кеңістіктерін тиімді пайдаланудың бірыңғай тәсілін қалыптастыруға бағытталған. Әлемдік тәжірибеде бұл үшін жертөлелер, метрополитен өткелдері мен цокольдік қабаттар қолданылады.
Паркингтерді «бомбадан қорғайтын орын» ретінде пайдалану нормамен бекітілгені де атап өтілді.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз