Сенбі, 21 Наурыз 2026 г.

$ 481.88
556.79
5.72
  • Алматы
    6°C
    • Астана
      -4°C
Ру

Қазақстанда егіс алқаптарының құрылымы өзгертіледі

Фото көзі: Фото: ELDala.kz
ZontNews.kz
Ақп. 24, 2026, 4:34 Т.Қ.
0
13

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі облыс әкімдіктерімен бірлесіп, бидай егіс алқаптарын қысқартып, жоғары табысты дақылдардың үлесін арттыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы ведомство басшысы Айдарбек Сапаров мәлімдеді, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Министрдің айтуынша, 2026 жылы жалпы егіс алқабы 23,8 млн гектарды құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 180 мың гектарға артық. Басымдық майлы, мал азықтық және өзге де табысты дақылдарға беріледі. Атап айтқанда, майлы дақылдар 55 мың гектарға, мал азығы 242 мың гектарға, арпа 94 мың гектарға, ал ұйымдастырылған шаруашылықтардағы картоп егісі 10,3 мың гектарға ұлғаяды.

Сонымен қатар, бидай алқабы 125 мың гектарға қысқарып, 12,1 млн гектарды құрайды. Жүгері егісі, оның ішінде солтүстік өңірлерде, айтарлықтай көбейтіліп, жалпы көлемі 265 мың гектарға жеткізілмек.

Оңтүстік өңірлерде су көп қажет ететін дақылдардың егісі де оңтайландырылады. Күріш алқабы 20,2 мың гектарға қысқарады, ал тамшылатып суару қолданылатын жүгері егісі ұлғайтылады.

Министрлік мәліметінше, егіс құрылымындағы өзгерістерге қарамастан, елдегі ауыл шаруашылығы өнімі ішкі нарықты толық қамтамасыз етуге жеткілікті.

 

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз