Сенбі, 21 Наурыз 2026 г.

$ 481.88
556.79
5.72
  • Алматы
    6°C
    • Астана
      -4°C
Ру

Қазақстанға арктикалық суық енеді: аяз 40 градусқа дейін күшейеді

Фото көзі: Фото: Pixabay
ZontNews.kz
Ақп. 23, 2026, 4:55 Т.Қ.
0
19

Алдағы күндері Қазақстан аумағында қатты аяз сақталады. Бұл туралы Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамында мәлімдеді, деп хабарлайды ZontNews.kz

Синоптиктердің дерегінше, елдің басым бөлігіне солтүстік-батыстан суық антициклон әсер етеді. Соның салдарынан жауын-шашын тоқтап, арктикалық суық ауа массаларының келуімен ауа температурасы айтарлықтай төмендейді.

Болжам бойынша, батыс өңірлерде түнгі уақытта ауа температурасы 15–25 градус аязға дейін төмендейді. Солтүстік және орталық аймақтарда 28–37 градус аяз күтілсе, шығыс өңірлерде аяз 32–40 градусқа дейін жетуі мүмкін. Ал оңтүстік облыстарда 0–10 градус аяз шамасында болады.

Тек оңтүстікте жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын (негізінен жаңбыр) жаууы ықтимал. Сондай-ақ желдің күшеюі, көктайғақ пен тұман күтіледі. Синоптиктер тұрғындарды ауа райының қолайсыздығына байланысты сақтық шараларын ұстануға шақырды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Мақалада:

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз