Қазақстан мен Ресей 60 мың жаңа жұмыс орнын ашады
Астана мен Мәскеу бірлескен ондаған жобаларды іске асырып жатыр, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Ресей Федерациясы Үкіметінің бірінші вице-премьері Денис Мантуровтың айтуынша, Қазақстан мен Ресей жалпы құны шамамен 3,9 трлн рубль (шамамен 23,4 трлн теңге) болатын 170-тен астам бірлескен жобаны жүзеге асыруда. Бұл жобалар нәтижесінде 60 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады.
Мантуровтың мәліметінше, ресейлік компаниялар Қазақстандағы индустриялық парктер мен арнайы экономикалық аймақтардың жұмысына белсенді қатысып жатыр.
Салыстырмалы түрде айтсақ, Ресейдің қатысуымен Өзбекстанда да 150-ден астам инвестициялық жоба іске асырылуда. Олардың жалпы құны шамамен 4 трлн рубльге бағаланып отыр.
Қазақстанның Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, биыл елімізде Ресей капиталы бар компаниялар саны 131-ге азайып, 17,2 мыңды құрады. Сондай-ақ Украина, Армения және Оңтүстік Корея компанияларының да азаюы байқалады. Ал керісінше, Өзбекстан (+7,5%) мен Қытай (+7,4%) компанияларының саны айтарлықтай өскен.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз