Қаңғыбас иттерге қатысты қатаң шешім қабылданды
Қазақстанда қаңғыбас жануарлар мәселесіне қатысты жаңа, қатаң тетіктер ұсынылды, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Депутат Еділ Жаңбыршиннің айтуынша, қаңғыбас иттерді бұрынғы ортасына қайтару тәсілі өзін ақтамаған – олардың саны азаймаған, керісінше өскен.
Осыған байланысты енді қайтарымсыз аулау жүйесіне көшу ұсынылып отыр. Яғни, ұсталған жануарлар қайтадан көшеге жіберілмейді.
Сонымен қатар, заң жобасында оларды уақытша ұстау мерзімі кемінде 5 күн, ал жоғалған үй жануарлары үшін 60 күн болып белгіленуі мүмкін.
Құжатта эвтаназия да қарастырылған. Егер жануар адамға қауіп төндірсе немесе шабуыл жасаса, оны жою мәселесі көтеріледі. Тіпті, иесі бар ит адамға зиян келтірсе, жауапкершілік иесіне жүктеліп, эвтаназия міндетті болуы мүмкін.
Жаңа өзгерістерге сәйкес, жергілікті органдар үй жануарларын чиптеуді бақылап, қаңғыбас жануарлар мәселесіне толық жауапты болады.
Заң жобасы халық қауіпсіздігін арттыруға және жануарларға жауапкершілікпен қарау жүйесін жетілдіруге бағытталған.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз