Атырауда әйел өлімі сотта қаралады
Атырауда биыл шілде айында болған әйел өліміне қатысты қылмыстық іс сот қарауына жіберілді. Күдікті Жұмағалиев аса қатігездікпен кісі өлтірді деп айыпталуда, деп хабарлайды ZontNews.kz. «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 2026 жылғы 22 шілдеде болған. Тергеу дерегінше, ер адам үш жасар баланың көзінше әйелге пышақпен шабуыл жасаған. Марқұмның туыстары оның бірнеше жерінен пышақ жарақатын алғанын айтты.
Оқиғадан кейін үш жасар қыз анасының денесінің жанында қалып қойған. Оларды келесі күні үйге келген 16 жастағы үлкен қызы тапқан.
Күдікті көп ұзамай ұсталып, қамауға алынды. Оған Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы бойынша, яғни аса қатігездікпен кісі өлтірді деген айып тағылды.
Қылмыстық іс Атырау облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына түсті. Істі судья Зарема Хамидуллина қарайды. Алғашқы сот отырысы 2 қыркүйек күні сағат 15:00-де өтеді.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз