Ақтөбе облысында кәмелетке толмаған қызға қатысты қылмыстық іс тіркелді
Ақтөбе облысында жоғары сыныпта оқитын кәмелетке толмаған қыздың жүкті болуына байланысты ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ZontNews.kz
Диапазон басылымының мәліметінше, оқиға Темір ауданы аумағындағы мектептердің бірінде тіркелген. Мектеп директоры аталған жағдайды жоққа шығарған.
Ал облыстық білім басқармасы қыздың қазіргі уақытта сабаққа қатыспайтынын хабарлады. Сондай-ақ оның толыққанды отбасынан шыққаны, оқу үлгерімі жақсы болғаны айтылды.
Ақтөбе облысының полиция департаменті таратқан ресми ақпаратқа сәйкес, кәмелетке толмағанмен жыныстық қатынасқа түсу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, заңда көзделген барлық тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
«Жәбірленушінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қамтамасыз етілді. Тергеу барысы облыстық полиция департаментінің ерекше бақылауында», – делінген ведомство хабарламасында.
Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз