Астана туралы 20 қызықты дерек жарияланды
Ұлттық статистика бюросы Астана күніне орай елорда туралы қызықты статистикалық мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды ZontNews.kz.
2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Астанада 1,67 млн адам тұрады. Оның ішінде 884 мыңнан астамы – әйелдер, 790 мыңнан астамы – ерлер. Қала тұрғындарының орташа жасы – 30,9 жас, ал күтілетін өмір сүру ұзақтығы 78,8 жасты құрайды.
2025 жылы елордада 27,4 мың сәби дүниеге келсе, 2026 жылдың алғашқы бес айында 3 469 неке тіркелген. Қалада 545 мыңға жуық 18 жасқа дейінгі бала тұрады.
Астанада 274 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Оның ішінде құрылыс саласында 18,5 мың компания тіркелген. Сондай-ақ елордада 576 мың пәтер, 6 819 қоғамдық тамақтану орны, 31 театр, 5 музей, 35 кітапхана және 24 саябақ бар.
2026 жылдың алғашқы тоқсанында Астана қонақүйлеріне 67,9 мың шетелдік турист орналасқан. Сонымен қатар елордада алты бес жұлдызды қонақүй жұмыс істейді.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз