Бейсенбі, 5 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    8°C
    • Астана
      -2°C
Ру

«Asar Baspana» қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы 8 жылға сотталды

Фото көзі: Ашық дереккөздерден
Zontnews.kz
Қаз. 7, 2026, 11:40 Т.Ж.

Алматыда «Asar Baspana» қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты сот үкімі шықты. Тергеу мәліметінше, Туғанбаев Н.М. бастаған топ 90 мыңға жуық азаматтан жалпы сомасы 25 млрд теңге қаражат тартып, салымшыларға ай сайын 30%-ға дейін табыс алуға уәде берген, деп хабарлайды ZontNews.kz..

Сотталғандар құрылыс материалдарын өндіру, тігін цехы, тұрмыстық және медициналық техника шығаратын зауыт жұмыс істеп жатқаны туралы жалған ақпарат таратқан. Алайда іс жүзінде өнімдер басқа жеткізушілерден сатып алынып, «Asar Baspana» логотипімен таңбаланған.

2024 жылғы желтоқсаннан бастап салымшылардың пирамидаға деген сенімі төмендеген кезде ұйымдастырушылар автомагазиндер ашылып, дилерлермен серіктестік орнатылғаны туралы ақпарат таратқан. Тергеу барысында автокөліктердің салымшылардың ақшасына сатып алынып, туыстарының атына рәсімделгені анықталған.

Сот Туғанбаев Н.М.-ны 8 жылға бас бостандығынан айырды. Тағы үш ұйымдастырушы 7 жылдан түрме жазасына кесілді. Ал 13 өңірлік жетекшіге 5 жылға шартты жаза тағайындалды.

Жалпы сомасы 5,6 млрд теңге болатын бұғатталған активтер жәбірленушілердің шығынын өтеуге бағытталады. Қалған мүлік мемлекет кірісіне өткізіледі.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз