Жексенбі, 20 Қыркүйек 2026 г.

$ 446.94
513.27
5.31
  • Алматы
    28°C
    • Астана
      18°C
Ру

Арман Қырықбаев министр болып тағайындалды

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Қыр. 3, 2026, 4:40 Т.Қ.

Арман Қырықбаев Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды. Тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды ZontNews.kz. Үкімет құрамына келгенге дейін ол Президенттің ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі көмекшісі қызметін атқарған.

Тағайындау алдында Қырықбаевтың кандидатурасы Құрылтайдың Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша депутаттар оны мәдениет және ақпарат министрі қызметіне ұсыну мүмкіндігі туралы қорытынды қабылдады. Рәсім «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 30-бабына сәйкес жүргізілді.

Арман Қырықбаев бұл қызметте Аида Балаеваны алмастырды. Еске салайық, 31 тамызда Аида Балаева Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалып, Үкімет құрамынан кеткен еді.

Қырықбаев бұған дейін де Мәдениет және ақпарат министрлігінде еңбек еткен. 2006–2008 жылдары ведомствоның қоғамдық-саяси жұмыстар және жұртшылықпен байланыс департаментін басқарды. Кейін 2010 жылға дейін Мәдениет комитетінің төрағасы болды. Ал 2012–2013 жылдары вице-министр қызметін атқарды.

Әр жылдары Қарағанды облысы және Алматы қаласы әкімдерінің орынбасары, Nur Otan партиясының хатшысы қызметтерін атқарған. 2024 жылғы наурызда Президент Әкімшілігінің коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. 2025 жылғы ақпанда Президенттің ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі көмекшісі қызметіне кірісті.

Арман Қырықбаев 1976 жылы Астанада дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «экономист», Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын «халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінде бастаған.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз