Сейсенбі, 5 Мамыр 2026 г.

$ 464.9
543.53
6.16
  • Алматы
    12°C
    • Астана
      15°C
Ру

Алматыдағы ЖК тұрғындары дабыл қақты: жабық аула жолға айналуы мүмкін

Фото көзі: Threads желісіндегі жарияланымның скриншоты
ZontNews.kz
Сәуір 6, 2026, 11:38 Т.Ж.
0
32

Алматыдағы Sensata City тұрғын үй кешенінің тұрғындары ауласы ашылып, тұрақ орындарының қысқару қаупі бар екенін айтып, алаңдаушылық білдірді. Олардың сөзінше, бастапқыда құрылыс компаниясы «көліксіз аула» және қауіпсіз жабық орта концепциясын уәде еткен, алайда енді бұл талаптар бұзылуы мүмкін, деп хабарлайды ZontNews.kz. 

Тұрғындардың айтуынша, қала әкімдігі кешен аумағы арқылы өтетін сквозной жол жобасын қарастырып жатыр. Егер бұл жоспар жүзеге асса, аула жалпы көлік қозғалысына ашылып, тұрақ орындары азаюы ықтимал.

Әсіресе, «қызыл сызық» мәселесі жұрттың наразылығын күшейткен. Әкімдік өкілдерінің мәліметінше, бұл аумақ бұрыннан жол салуға резерв ретінде белгіленген. Ал тұрғындар құрылыс компаниясы мұны біле тұра, пәтерлерді жабық әрі қауіпсіз кешен ретінде сатқан болуы мүмкін деп күдіктенеді.

«Біз тыныш, көліксіз аула үшін ақша төледік. Енді жолдың жанында өмір сүру ұсынылып отыр», – дейді тұрғындар.

Олар құрылыс салушыдан ресми түсініктеме беруді, ал әкімдіктен жобаны қайта қарап, тұрғындардың мүддесін ескеруді талап етуде. Сонымен қатар, девелопердің адалдығын тексеруді сұрап отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз