Сенбі, 21 Наурыз 2026 г.

$ 481.88
556.79
5.72
  • Алматы
    10°C
    • Астана
      -2°C
Ру

Алматыда қоғамдық көлікте жолақы төлеудің қосымша тәсілі енгізіледі

Фото көзі: акимат Алматы
ZontNews.kz
Ақп. 26, 2026, 2:03 Т.Қ.
0
14

Алматы қаласында қоғамдық көлікте жолақы төлеудің жаңа мүмкіндігі пайда болады. Қалада қолданыстағы Onay жүйесімен қатар Avtobys цифрлық төлем жүйесі де қатар жұмыс істейтін болады. Бұл туралы ZontNews.kz сауалына қала әкімдігінің қоғамдық көлік саласына жауапты басқармасы мәлімдеді.

Ресми ақпаратқа сәйкес, қолданыстағы операторды ауыстыру жоспарланып отырған жоқ. Керісінше, жолаушыларға ыңғайлы болу үшін төлемнің баламалы түрі енгізілмек. Avtobys жүйесін енгізу кезең-кезеңімен жүзеге асырылады: алдымен жекелеген бағыттарда, кейін барлық қоғамдық көлікте қолдану көзделген.

Басқарма өкілдерінің айтуынша, екі жүйе бір мезгілде жұмыс істеп, жолаушыларға жолақыны бірнеше тәсілмен төлеуге мүмкіндік береді. Қазір автобустарды жаңа оператордың техникалық жабдықтарымен қамтамасыз ету жұмыстары басталған.

Сонымен қатар Avtobys қаланың әр аумағында өзіне тиесілі көлік карталарын сататын нүктелер желісін қалыптастырып жатыр. Бұл шешім қоғамдық көлікті пайдалану барысындағы қолайлылықты арттыруға бағытталған.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз