Сенбі, 20 Маусым 2026 г.

$ 488.18
559.6
6.65
  • Алматы
    23°C
    • Астана
      21°C
Ру

Алматыда 12 жастағы бала жанжалдан кейін көз жұмды

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Маусым 12, 2026, 8:43 Т.Ж.

Алматыда 12 жастағы жасөспірім пышақ жарақатынан көз жұмды. Қайғылы оқиға 10 маусым күні Түрксіб ауданында болған, деп хабарлайды  ZontNews.kz.

Полицияның алдын ала мәліметінше, оқиға кәмелетке толмағандар арасындағы жанжал кезінде орын алған. Аталған факті бойынша Алматы қаласының 13 жастағы тұрғыны ұсталып, мамандандырылған мекемеге орналастырылды. Белгілі болғандай, күдікті мен марқұм бұған дейін таныс болған.

Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар құқық қорғау органдары күдіктінің ата-анасын бала тәрбиесіне қатысты міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тарту мәселесін қарастырып жатыр.

Тергеу амалдары жалғасуда.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз