Сейсенбі, 5 Мамыр 2026 г.

$ 464.9
543.53
6.16
  • Алматы
    15°C
    • Астана
      17°C
Ру

Алатау city: амбиция көп, нәтиже аз – мегажоба жүзеге аса ма?

Фото көзі: : ашық дереккөздерден
ZontNews.kz
Наурыз 26, 2026, 4:11 Т.Қ.
0
24

Қазақстан билігі Алматы агломерациясын инвесторлар мен туристерді тартатын ірі инновациялық орталыққа айналдыруды көздейді. Соның негізгі тетігі ретінде ұсынылған Алатау city жобасы мегаполис маңындағы шағын қалаларды дамытудың жаңа үлгісі болуы тиіс еді. Алайда әзірге нақты нәтижеден гөрі жоспар мен уәде басым, деп хабарлайды ZontNews.kz. Ulysmedia.kz редакциясына сілтеме жасап.

Бұл бастама алғаш рет 2006 жылы кәсіпкер Юрий Цхай тарапынан ұсынылған. Содан бері жоба бірнеше рет тоқтап, қайта жанданып отырды. 2021 жылы сингапурлық инвестор тартылғанымен, құрылыс басталмады. Тек 2023 жылы жоба «Алатау» атауына ие болып, 2024 жылы ресми түрде бекітілді.

Қазіргі таңда жобаға жауапты ретінде вице-премьер Қанат Бозымбаев белгіленген. Оның айтуынша, бұл қала кейін басқа өңірлерге үлгі болуы мүмкін. Бірақ жобаның басты проблемалары да анық байқалып отыр.

Ең үлкен кедергілердің бірі – жер мәселесі. Жалпы аумақтың едәуір бөлігі жекеменшікке немесе жалға берілген. Бұл инвесторлар үшін қолжетімді жердің аз екенін көрсетеді. Билік жерді қайтару үшін түрлі тетіктерді қарастырып жатыр, бірақ бұл процесс уақытты талап етеді.

Инвесторлар да аса көп емес. Қазір тек бірнеше компания зауыт салуды бастаған, ал басқа жобалардың басым бөлігі келіссөз деңгейінде қалып отыр. Соған қарамастан, жекелеген ірі кәсіпкерлер құрылыс жұмыстарын бастап кеткен.

Бүгінде Алатау толыққанды қала емес, бірнеше ауылдың жиынтығы ретінде қалып отыр. Инфрақұрылым әлсіз: жол, су, кәріз жүйелері жеткіліксіз, әлеуметтік нысандар тапшы. Тұрғындардың көбі жұмыс үшін Алматыға қатынайды.

Қаржыландыру мәселесі де өзекті. Қаланың жылдық бюджеті шамамен 12 млрд теңге ғана, бұл ірі инфрақұрылым жобаларын жүзеге асыру үшін жеткіліксіз. Мысалы, бір мектептің құрылысы бюджетке тең шығынды талап етеді.

Сарапшылардың айтуынша, мұндай мегажобалардың әлемде 60 пайызы сәтсіз аяқталған. Ұзақ құрылыс мерзімі, экономикалық өзгерістер және жұмыс орындарының тапшылығы – басты тәуекелдер. Алатауда жоспарланған өндірістер болашақ халық санына жеткілікті жұмыс орнын қамтамасыз ете алмауы мүмкін.

Жоба мемлекет деңгейінде қолдау тапқанымен, оның табысты болуы нақты жоспар мен тәуекелдерді басқаруға байланысты. Әйтпесе, Алатау city амбициясы жоғары, бірақ іске аспаған жобалардың қатарына қосылуы ықтимал.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз