Қалалық диалог: алматылықтар референдумға белсенді қатысуда
Алматыда жаңа Конституцияға қатысты республикалық референдум қарсаңында ауқымды дайындық жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Түсіндіру науқаны қоғамның түрлі әлеуметтік топтарын қамтыды: жастар, қызмет көрсету саласының қызметкерлері, кәсіпкерлер, мемлекеттік мекеме мамандары, педагогтар мен медицина қызметкерлері, спорт және мәдениет өкілдері, сондай-ақ өнеркәсіп пен құрылыс кәсіпорындарының еңбек ұжымдары.

Ақпараттық науқан аясында сарапшылар мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен кездесулер, дөңгелек үстелдер, дәрістер және қоғамдық диалогтар ұйымдастырылды. Бұл шараларда тұрғындарға Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен олардың маңызы кеңінен түсіндірілді. Алматы қаласы бойынша Жалпыұлттық коалицияның баспасөз қызметінің мәліметінше, электоралдық кезеңде 537 іс-шара өткізіліп, оған 103 мыңнан астам адам қатысқан.
Сонымен қатар қалада фестивальдер, концерттер, жастар акциялары мен флешмобтар өтті. Ең ірі шаралардың қатарында Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында, Almaty Arena кешенінде және ірі сауда-ойын-сауық орталықтарында өткен ALGYS FEST және Jas Stars фестивальдері бар. Іс-шаралар барысында концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып, спикерлер сөз сөйледі, Мемлекеттік Тумен патриоттық акциялар өтті. Сондай-ақ роботтар мен маскоттардың қатысуымен креативті шоулар ұсынылды.
Референдумға қатысуға медиа тұлғалар, спортшылар, актерлер мен блогерлер де үн қосып, қала тұрғындарын белсенділік танытуға шақырды. Талқылауларға бизнес, ғылым, білім, мәдениет және қаржы саласының өкілдері, жастар мен қоғамдық ұйымдар қатысып, өз пікірлерін білдірді. Сонымен қатар жүргізушілер, курьерлер, қызмет көрсету саласының қызметкерлері мен кәсіпкерлер сияқты жұмысшы мамандықтарының өкілдері де қоғамдық диалогқа белсенді араласты.
Ақпараттық науқан қаланың бүкіл инфрақұрылымын қамтыды. Билбордтарда, LED-экрандарда, ғимараттардың медиафасадтарында және жаяу жүргіншілер өткелдерінде баннерлер орналастырылды. Сонымен қатар метро, автобустар, сауда орталықтары, әуежай мен теміржол вокзалдарында аудиосүйемелдеумен ақпараттық материалдар таратылды. Көктөбе телемұнарасында дауыс беру күніне дейінгі кері санау көрсетілген бейнеролик те көрсетілуде.
Еске сала кетейік, 15 наурыз күні әрбір алматылық республикалық референдумға қатысып, өз таңдауын жасауға мүмкіндік алады.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз