Ақтөбеде экс-шенеунік сот залында қамауға алынды
Ақтөбе қалалық әкімдігі аппаратының бұрынғы басшысы Нұрсұлтан Исембайұлы апелляциялық сот шешімімен 3 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Сот Қылмыстық кодекстің «алаяқтық» бабымен экс-шенеунікті кінәлі деп танып, мемлекеттік қызметте және мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырды. Ол сот залында қамауға алынды.
Бұған дейін бірінші сатыдағы сот шенеунікті ақтаған болатын. Алайда прокуратураның шағымынан кейін іс қайта қаралып, ақтау үкімі күшін жойды.
Тергеу дерегінше, Нұрсұлтан Исембайұлы жер телімін рәсімдеуге көмектесемін деген желеумен ақша алған деген күдікке ілінген. Сот жәбірленушінің талап-арызын ішінара қанағаттандырып, материалдық шығынды өндіру туралы шешім шығарды.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз