Сейсенбі, 16 Желтоқсан 2025 г.

$ 518.81
609.28
6.55
  • Алматы
    -5°C
    • Астана
      -9°C
Ру

«Айка Love» бостандыққа шықты

Фото көзі: әлеуметтік желі
Қаһар Бинахметов
Қар. 25, 2025, 11:25 Т.Ж.
0
35

Қазақстанда «Айка» атымен танылған Айка Мырзахметова уақытша бостандыққа шықты, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Элиталық эскорт қызметін ұйымдастырды деген айып бойынша 6 жыл 5 айға сотталған Мырзахметова жазасын өтеуді екі жылға шегеруге рұқсат алды. Шешім оның кішкентай баласының болуына байланысты қабылданған. Осы кезеңде ол пробациялық бақылауда болады, кейін қамауға қайта оралады.

Қылмыстық кодекстің 74-бабы кішкентай балалары бар әйелдерге, егер қылмыс аса ауыр санатқа жатпаса, жазаны кейінге қалдыруға мүмкіндік береді. Мырзахметова осы нормаға сүйене отырып уақытша бостандыққа шықты.

2024 жылы Алматыдағы Әуезов аудандық соты оны психотроптық заттарды сақтау және тасымалдау, сондай-ақ элиталық жеңгетайлықпен айналысу деректері бойынша кінәлі деп таныған. Оның сыбайласына 3 жыл 8 ай мерзім тағайындалған.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз