Бейсенбі, 5 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    8°C
    • Астана
      -2°C
Ру

AIRAN медиажобасы жұмысын тоқтатты

Фото көзі: : ашық дереккөздерден
ZontNews.kz
Наурыз 30, 2026, 2:35 Т.Қ.

Қазақстандық AIRAN медиажобасы өз жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды ZontNews.kz.

YouTube-та екі аптаға жуық үзілістен кейін редакция ресми мәлімдеме жасады. Жобаның бас редакторы Дәурен Мерекеевтің айтуынша, наурыздың ортасынан бастап жарияланымдар тоқтатылған.

– 13 наурыз күні біз видеоларды жариялауды және барлық тікелей эфирлерді тоқтаттық. Бұл – менің және жоба серіктесі Маржан Елшібаеваның ортақ шешімі. Қиындықтар бұрыннан бар еді, бірақ соңғы уақытта жағдай күрделене түсті. Сондықтан «Айран» редакциясы өз қызметін тоқтатады, – деді ол.

Сонымен қатар Мерекеев жобаға тікелей қысым болмағанын атап өтті. Оның айтуынша, ешкім редакцияға хабарласып, жұмысты тоқтатуды немесе белгілі бір тақырыптарды қозғамауды талап етпеген.

– Бұл шешім тек бізге ғана емес, бізді қолдаған адамдарға да қатысты. Біз оларды қиын жағдайға қалдырғымыз келмеді, – деп түйіндеді бас редактор.
Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз