Бейсенбі, 6 Тамыз 2026 г.

$ 469.85
542.16
5.78
  • Алматы
    29°C
    • Астана
      25°C
Ру

Ағаш басып қалған көліктегі әйел көз жұмды

Фото көзі: : "Астана" телеарнасы
ZontNews.kz
Шілде 1, 2026, 9:10 Т.Ж.

Алматы облысында көліктің үстіне ағаш құлап, салдарынан 61 жастағы әйел көз жұмды. Қайғылы оқиға Еңбекшіқазақ ауданындағы Еңбек пен Қырбалтабай ауылдарының арасындағы жолда болған, деп хабарлайды «Астана» телеарнасына сілтеме жасаған ZontNews.kz. 

Ағаш екі жеңіл автокөліктің үстіне құлаған. Оқиға салдарынан бес адам ауруханаға жеткізілді. Олардың үшеуі жансақтау бөліміне жатқызылса, 11 жастағы қыз бала облыстық балалар ауруханасына ауыстырылған. Тағы бір зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетіліп, амбулаториялық емге жіберілді.

Дәрігерлердің мәліметінше, 39 жастағы ер адамның жағдайы ауыр. Оның бас-ми жарақаты, сондай-ақ жүрек пен өкпесіне зақым келген. Тағы бір науқас травматология бөлімінде ем алып жатыр, жағдайы тұрақты. 34 жастағы ер адам дәрігерлердің бақылауымен үйіне жіберілген. Ал 11 жастағы қыздың жағдайы тұрақты.

Өкінішке қарай, 61 жастағы әйелдің өмірін дәрігерлер сақтап қала алмады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз