Жума, 7 Тамыз 2026 г.

$ 467.48
539.52
5.73
  • Алматы
    31°C
    • Астана
      23°C
Ру

50 мың теңгеден астам көмек кімге беріледі?

Фото көзі: : Коллаж FR
ZontNews.kz
Там. 7, 2026, 2:20 Т.Қ.

2026–2027 жаңа оқу жылы қарсаңында мектеп формасы, аяқ киім және оқу құралдарын сатып алуға жергілікті бюджеттерден 23 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражаттың есебінен еліміз бойынша 400 мыңнан астам балаға қолдау көрсетіледі, деп хабарлайды ZontNews.kz. 

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 2026 жылы бір балаға берілетін материалдық көмектің ең төменгі мөлшері 50 851 теңгені құрайды. 2022 жылдан бері бұл қаржы ата-аналардың есепшотына тікелей аударылады, сондықтан олар қажетті мектеп формасы мен оқу құралдарын өздері таңдап сатып ала алады.

Материалдық көмек:

  • атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балаларына;
  • жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың балаларына;
  • жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
  • төтенше жағдайдан зардап шеккен отбасылардың балаларына;
  • сондай-ақ мектептің Қамқоршылық кеңесінің шешімімен өзге де мұқтаж оқушыларға беріледі.

Министрліктің мәліметінше, негізгі санаттар бойынша көмек алушылар автоматты түрде анықталады. Ал Қамқоршылық кеңесі арқылы көмек уақытша қиын жағдайға тап болған отбасыларға бір тоқсаннан аспайтын мерзімге тағайындалады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз