18 өңірде дауылды ескерту жарияланды
«Қазгидромет» РМК 28 қыркүйекте Астана, Шымкент және еліміздің 16 облысында ауа райы қолайсыз болатынын ескертті. Кей өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, тұман түсіп, аяз бен қатты жел болжанады, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Астанада түнде топырақ бетінің температурасы 2 градус аязға дейін төмендеуі мүмкін. Шымкентте күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысында жаңбыр, найзағай мен шаңды дауыл болжанып, жел секундына 15–20 метр жылдамдықпен соғады.
Ақтөбе, Павлодар, Ұлытау, Қарағанды, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының бірқатар ауданында тұман түсіп, үсік жүруі ықтимал.
Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сондай-ақ тұман түсіп, желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетуі мүмкін. Жетісу облысының шығысында жел секундына 15–20 метр, күндіз 23–28 метр жылдамдықпен соғады.
Маңғыстау, Абай, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарының бірқатар аумағында жоғары немесе төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының орталығы мен оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз шаңды дауыл тұрып, желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Өңірде төтенше өрт қаупі бар.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз