Сенбі, 20 Маусым 2026 г.

$ 488.18
559.6
6.65
  • Алматы
    23°C
    • Астана
      20°C
Ру

15 жылға сотталған жігіттердің туыстары: “Қыз 1 миллион теңге сұрады

Фото көзі: ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Мамыр 21, 2026, 3:30 Т.Қ.

“OmeTV” платформасы арқылы танысқан қызды топ болып зорлады деп айыпталған екі жігіт 15 жыл 6 айға сотталды. Алайда сотталғандардың туыстары бұл шешіммен келіспейтінін айтып, істің біржақты қаралғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ZontNews.kz. Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Іс материалдарына сәйкес, оқиға 2025 жылғы 29 мамырда таңғы сағат 04:00 шамасында болған. Жәбірленуші қыз жігіттермен “OmeTV” платформасында танысып, кейін олардың шақыруымен пәтерге барған.

Қыздың айтуынша, пәтерге кіргеннен кейін жігіттер телефонын тартып алып, оны күштеп ұстап, кезек-кезек зорлаған.

“Жылап, айғайлап, босатуды өтіндім. Бірақ олар тоқтамады”, – деген жәбірленуші бұл жағдай шамамен екі сағатқа созылғанын айтқан.

Сот нұсқасына сәйкес, екі айыпталушы жәбірленушімен оның еркінен тыс жыныстық қатынасқа түскен. Осыған байланысты сот оларды Қылмыстық кодекстің 120-бабы 3-1-бөлігі 1-тармағы бойынша кінәлі деп танып, 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.

Алайда сотталғандардың туыстары мен қорғаушылары істе көптеген қайшылық барын алға тартуда. Олардың сөзінше, қыз пәтерге өз еркімен келген және өзін 18 жастамын деп таныстырған.

Айыпталушы тараптың мәліметінше, оқиғадан бірнеше күн өткен соң жәбірленуші жігіттерге WhatsApp арқылы хабарлама жазып, 1 миллион теңге талап еткен. Егер ақша берілмесе, полицияға арызданатынын айтқан.

Сонымен қатар қорғаушылар медициналық сараптама қорытындысында жәбірленушінің денесінен жарақат белгілері анықталмағанын атап өтті.

Сотталғандардың туыстары тергеу кезінде олардың уәжі толық тыңдалмағанын да мәлімдеді. Айтуларынша, алғашқы жауап адвокат келмей тұрып алынған.

Сотталушылардың адвокаты Дәурен Ысқақов апелляциялық шағым нәтижесіз қалғанын айтып, енді кассациялық сотқа жүгінуге дайындалып жатқанын жеткізді.

Қазір сотталғандар жазаларын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеп жатыр. Қорғау тарапы істі Бас прокуратураға дейін жеткізуді көздеп отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз