10 жылға сотталған жасөспірім алғаш рет сұхбат берді
Алматы облысында мектеп бітіру кешінде сыныптасы Әлібидің өліміне кінәлі деп танылып, 10 жылға сотталған жасөспірім алғаш рет болған оқиға мен қамаудағы өмірі туралы айтып берді, деп хабарлайды ZontNews.kz. Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, соңғы қоңыраудан кейін түлектер көлік жалдап, кортежбен жүрген. Кейін жалға алынған үйде мектеп бітіру кешін атап өткен. Сол жерде жастар арасында жанжал шығып, шампур сыныптасы Әлібиге кіріп кеткен.
«Онымен бесінші сыныптан бастап бірге оқыдық», – деді сотталған жасөспірім.
Ол өзіне тағайындалған 10 жылдық жазаға байланысты түрмеден шыққанша ата-анасының қартайып кетуінен қорқатынын айтып, жақындарын қатты сағынатынын жеткізді. Сондай-ақ қамауға алғаш түскенде қатты қорқыныш сезінгенін де жасырмады.
Еске салайық, қайғылы оқиға 2025 жылдың мамыр айында Алматы облысының Долан ауылында болған. Мектеп бітіру кешінде 17 жастағы Әліби шампурдан жарақат алып, жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған. Сот жасөспірімді кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырған. Үкім 2026 жылғы 14 сәуірде заңды күшіне енді.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз