Вэнс Украинаға ҚТК-ға шабуылды тоқтатуды сұрады
Украина АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнстің талабынан кейін Новороссийск портындағы мұнай танкерлеріне жасалған дрон шабуылдарын тоқтатты. Бұл туралы Reuters басылымы жазды, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Вашингтон шабуылдардың мұнай нарығына әсер етіп, америкалық компаниялардың мүдделеріне зиян келтіріп отырғанына алаңдаған. Қазақстан мұнай экспортының шамамен 80 пайызы Новороссийскідегі Каспий құбыр консорциумы (ҚТК) терминалы арқылы өтеді.
Reuters мәліметінше, шілдедегі дрон шабуылдары ҚТК арқылы мұнай жөнелтуді шамамен 20 пайызға қысқартқан. Ал Қазақстанда мұнай өндіру көлемі маусыммен салыстырғанда 14 пайызға төмендеген.
Украина ҚТК инфрақұрылымына, сондай-ақ санкцияға ілінбеген және ресейлік мұнай немесе жүк тасымалдамайтын кемелерге шабуыл жасамауға келіскен.
Бұған дейін Украинаның Қазақстандағы елшісі Виктор Майко ҚТК нысандарына жасалған шабуылдарға Киевтің қатысы барын жоққа шығарған еді.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз