Сенбі, 20 Маусым 2026 г.

$ 488.18
559.6
6.65
  • Алматы
    23°C
    • Астана
      21°C
Ру

Үндістандағы пілдер лагерінде турист әйел қаза тапты

Фото көзі: ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Мамыр 20, 2026, 1:08 Т.Қ.

Үндістанның Карнатака штатындағы Дубаре пілдер лагерінде қайғылы оқиға болып, 33 жастағы турист әйел көз жұмды, деп хабарлайды ZontNews.kz. 

Indian Express басылымының мәліметінше, Канчан мен Мартаанда есімді екі қолға үйретілген піл шомылдыру кезінде өзара төбелесіп кеткен. Сол сәтте Мартаанда тепе-теңдігін жоғалтып, жанында тұрған Туласидің үстіне құлаған. Әйел ол кезде отбасымен бірге пілдерді бақылап тұрған.

Піл күтушілері жануарларды тыныштандыруға тырысқанымен, жағдайды бірден бақылауға ала алмаған. Зардап шеккен әйел судан шығарылып, ауруханаға жеткізілген. Алайда дәрігерлер оның қайтыс болғанын растады.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға таңертең болған. Бұл уақытта келушілерге пілдерді тамақтандыруға және шомылдыру рәсімін көруге рұқсат берілген.

Марқұмның күйеуі мен баласы аман қалғанымен, әйел суға құлап, пілдердің астында қалып қойған.

Оқиғадан кейін Карнатака штатының Орман шаруашылығы, экология және қоршаған орта министрі Эшвар Кхандре арнайы тергеу жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар барлық пілдер лагерінде қауіпсіздік талаптарын күшейтіп, туристерді шомылып жатқан пілдерден кемінде 100 фут, яғни шамамен 30 метр қашықтықта ұстау міндеттелді.

Дубаре пілдер лагері орманда ұсталған пілдерді үйрету бағдарламаларымен танымал туристік орындардың бірі саналады. Мұнда келушілерге пілдерді тамақтандыру және шомылдыру қызметтері ұсынылады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз