Сенбі, 20 Маусым 2026 г.

$ 488.18
559.6
6.65
  • Алматы
    23°C
    • Астана
      20°C
Ру

Ұлан-Батырда «Study in Kazakhstan» халықаралық білім көрмесі өтті

Фото көзі: ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Мамыр 14, 2026, 5:20 Т.Қ.

Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында «Study in Kazakhstan» халықаралық білім көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара 3–14 мамыр аралығында өтіп, қазақстандық жетекші жоғары оқу орындарын шетелдік талапкерлерге таныстыруға арналды, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Көрмеге Қазақстан мен Моңғолияның білім және ғылым саласындағы мемлекеттік органдары, дипломатиялық өкілдер, сондай-ақ екі елдің жоғары оқу орындарының мамандары қатысты.

Шара барысында қазақстандық университеттер бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларын таныстырды. Сондай-ақ IT, инженерия, медицина, бизнес және халықаралық қатынастар бағыттарына ерекше назар аударылды.

Қатысушылар академиялық ұтқырлық, қос диплом бағдарламалары, шәкіртақы мүмкіндіктері және студенттік өмір туралы толық ақпарат алды.

Көрме аясында екі ел университеттері арасында ынтымақтастықты кеңейту және бірлескен жобаларды дамыту мәселелері талқыланды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз