Сенбі, 20 Маусым 2026 г.

$ 488.18
559.6
6.65
  • Алматы
    23°C
    • Астана
      21°C
Ру

Украина президенті Путинмен келіссөз өткізуге әзір

Фото көзі: : EPA
ZontNews.kz
Маусым 4, 2026, 5:15 Т.Қ.

Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен соғысты аяқтау үшін Ресей басшысы Владимир Путинмен тікелей келіссөз жүргізуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды ZontNews.kz. 

Бұл туралы Зеленский Киевте өткен Украина–НАТО кеңесінің отырысынан кейін жасаған мәлімдемесінде айтты. Оның сөзінше, Украина АҚШ-тың соғысты тоқтатуға ықпал етеді деп үміттенеді.

«Біз үшін ең бастысы – соғысты аяқтау. Осы мақсатта кез келген форматтағы келіссөздерді қолдаймыз және Путинмен тікелей кездесуге дайынбыз», – деді Украина президенті.

Сондай-ақ Зеленский АҚШ пен Еуропаның келіссөздер процесіне қатысуы бейбіт реттеу үшін маңызды екенін атап өтті.

Бұған дейін Путин де ұзақ мерзімді келісімге қол жеткізілген жағдайда Зеленскиймен Ресейде немесе үшінші елде кездесу мүмкіндігін жоққа шығармайтынын мәлімдеген.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз