Жексенбі, 20 Қыркүйек 2026 г.

$ 446.94
513.27
5.31
  • Алматы
    31°C
    • Астана
      22°C
Ру

Трамптың ақшалай сыйлығы күмән туғызды

Фото көзі: : Натали Харп / Newscom/Alamy
ZontNews.kz
Қыр. 10, 2026, 6:20 Т.Қ.

АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйдің үш қызметкеріне 45 мың доллардан, тағы бір қызметкерге 20 мың доллар қолма-қол ақша сыйлаған. Мерекелік сыйлық ретінде рәсімделген төлемдер федералдық қызметшілерге арналған талаптардың сақталуына қатысты сұрақтар туғызды, деп хабарлайды ZontNews.kz.   CNN телеарнасына сілтеме жасап.

Қаржылық декларациялардағы мәлімет бойынша, Трамптың атқарушы көмекшісі Натали Харп, коммуникациялар жөніндегі кеңесші Марго Мартин және Сопақ кабинет қызметі директорының орынбасары Чемберлен Харрис 45 мың доллардан алған. Ал Сопақ кабинеттің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі директор Уолт Наутаға 20 мың доллар берілген.

Алғашқы үш қызметкердің жылдық жалақысы 150 мың долларды құрайды. Сондықтан Трамптың сыйлығы олардың бір жылдық табысының шамамен үштен біріне тең. Уолт Наута жылына 175 мың доллар алады.

Сарапшылардың сауалына төлемдердің көлемі себеп болған. АҚШ-та федералдық қызметшілерге негізгі жалақысынан бөлек қосымша сыйақы алуға, әдетте, шектеу қойылады. Ақ үйдің этика мәселелері жөніндегі бұрынғы бас заңгері Ричард Пейнтердің пікірінше, президент әкімшілігінің қызметкерін жекеменшік компаниядағы қарапайым жұмысшымен теңестіруге болмайды.

Ақ үй өкілдері бұл пікірмен келіспейді. Әкімшілік өкілі Дэвис Инглдің айтуынша, Дональд Трамп айналасындағы адамдарға, соның ішінде қызметкерлері мен көмекшілеріне Рождество мерекесіне орай бұрыннан сыйлық беріп келеді. Оның сөзінше, аталған қаражат қызметтік міндеттер үшін төленбеген, сондықтан қолданыстағы құқықтық және әдеп нормаларын бұзбайды.

Натали Харп Дональд Трамптың ең жақын көмекшілерінің бірі саналады. Ол президентпен бірге сапарларға шығып, Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасын жүргізуге көмектеседі. Уолт Наута да Трамптың жақын ортасына кіретін қызметкерлердің қатарында.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз