Таиландтағы жойқын өрт: Қазақстан СІМ ресми ақпарат таратты
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Бангкоктағы барда болған ірі өрттен қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары бар-жоғы туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта Таиландтың құзырлы органдарынан зардап шеккен болуы мүмкін Қазақстан азаматтары туралы ресми ақпарат түспеген. Сонымен қатар, Қазақстанның Бангкоктағы елшілігіне отандастардан ешқандай өтініш келіп түспеген.
Сыртқы істер министрлігі бұл мәселені бақылауда ұстап отырғанын хабарлады.
Еске салсақ, 13 шілдеге қараған түні Бангкоктағы барлардың бірінде ірі өрт шыққан. Таиланд премьер-министрінің мәліметінше, оқиға салдарынан кемінде 27 адам қаза тауып, тағы бірнеше адам ауруханаға жеткізілген.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз