Бейсенбі, 7 Мамыр 2026 г.

$ 463.34
544.52
6.19
  • Алматы
    27°C
    • Астана
      22°C
Ру

Сәуір соңында Мәскеуді қар басты және төтенше ауа райы тіркелді

Фото көзі: : euronews.com
ZontNews.kz
Сәуір 28, 2026, 9:30 Т.Ж.

Дүйсенбіге қараған түні Мәскеу қаласын қалың қар басып, ауа температурасы қайтадан минус көрсеткішке түсті. Суық ауа райы сәрсенбіге дейін сақталады, деп хабарлайды ZontNews.kz. Euronews-ке сілтеме жасап.

Мегаполис көшелерінде қар жамылғысының қалыңдығы 12 сантиметрге жеткен. Синоптиктердің мәліметінше, 27 сәуір күні мұндай қар мөлшері қалада бұрын-соңды тіркелмеген.

Қала тұрғындары күтпеген табиғи құбылысқа таңданысын жасырмауда. «Жылдың бұл мезгілінде мұндайды көрген емеспіз. Әсерім ерекше, бірақ суық», – дейді Қызыл алаң маңында жүрген тұрғындардың бірі.

Мамандардың айтуынша, қысқа мерзімді суықтың қайта оралуына Балтық циклондары себеп болған. Қалада ауа райына байланысты «қызғылт сары» деңгейдегі қауіп жарияланды. Билік боранның күшеюі, көктайғақтың пайда болуы және құрғақ найзағай болуы мүмкін екенін ескертуде.

Қардың көп түсуі салдарынан көлік қозғалысы қиындап, кей жерлерде ағаштар құлаған. Мәскеу облысының бірқатар аудандары электр жарығынсыз қалған. Қалада көптеген саябақтар уақытша жабылып, электр самокаттары мен велосипедтерді жалға беру тоқтатылды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз