Сауд Арабиясы өз жанкүйерлеріне ерекше сый жасады
Сауд Арабиясы футбол федерациясы өз жанкүйерлеріне 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты матчтарының билеттерін тегін ұсына бастады. Бұл туралы ZontNews.kz. британдық The Sun басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Мәліметке сәйкес, мұндай шешім FIFA тарапынан турнир ойындарына көрермендердің аз келуі мүмкін деген алаңдаушылыққа байланысты қабылданған. Бұған дейін осындай тәжірибе 2025 жылы АҚШ-та өткен FIFA Club World Cup 2025 кезінде де қолданылған.
Ақпарат бойынша, әлем чемпионаты кезінде Сауд Арабиясы құрамасын қолдау үшін келген әрбір жанкүйерге матчқа тегін билет беріледі. Сонымен қатар кейбір ойындарға билет бағасы 3 мың АҚШ долларына дейін жеткенімен, стадиондарда бос орындардың көп екені айтылған.
Айта кетейік, 2026 FIFA World Cup 2026 жылы АҚШ, Канада және Мексика аумағында өтеді. Турнир тарихында алғаш рет әлем чемпионатына 48 ұлттық құрама қатысады.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз