Сенбі, 21 Наурыз 2026 г.

$ 481.88
556.79
5.72
  • Алматы
    9°C
    • Астана
      -2°C
Ру

Сахара шөлінде қар жауды: сирек кездесетін табиғи құбылыс

Фото көзі: Бейнежазбадан алынған кадр
ZontNews.kz
Наурыз 13, 2026, 11:28 Т.Ж.
0
13

Әлемдегі ең үлкен шөлдердің бірі саналатын Сахарада қар жауды. Тіпті кей жерлерде пальма ағаштарының арасында шанамен сырғанауға да мүмкіндік туған, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Мамандардың айтуынша, мұндай құбылыс бұл өңірде өте сирек кездеседі  шамамен он жылда бір рет байқалады.

10 наурыз күні төмен қысым аймағы Пиреней түбегінен Солтүстік Африкаға қарай жылжып, өңірге ылғалды ауа әкелген. Синоптиктердің мәліметінше, бұл ылғалды ауа суық ауа массаларымен түйісіп, температура нөлден төмен түсіп, қар жаууына себеп болған.

11 наурызда қар негізінен Атлас тауларында және басқа да биік аймақтарда жауған. Сонымен қатар шөлдің шеткі бөліктерінде де қар байқалған. Weather.com порталының мәліметінше, дәл осы тау жоталары маңында Жерорта теңізінен келген ылғалды ауа массалары биіктіктегі суық ауамен түйіседі. Соның нәтижесінде кейде шөл маңында да қар жаууы мүмкін.

Алайда қар жамылғысы ұзақ сақталмайды. Қазір Солтүстік Африкада күн қайта ашылып, ауа температурасы айтарлықтай көтерілген. Сондықтан жақын уақытта Сахарада қар жаууы екіталай.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз