Ресейдің экс-премьері лаңкестер мен экстремистер тізіміне енгізілді
Ресей Федерациясында шетелдік агент ретінде тіркелген бұрынғы премьер-министр Михаил Касьянов террористер мен экстремистер тізіміне енгізілді, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Бұл ақпарат Росфинмониторингтің ресми сайтында жарияланды. «Касьянов Михаил Михайлович, 12.08.1957 жылы туған, Мәскеу облысы» деп оның қысқаша деректері көрсетілген.
Өткен жылдың қарашасында Касьянов шетелдік агенттердің қызметі туралы заңды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, Мәскеудің Таган аудандық соты оны кінәлі деп тауып, 45 мың рубль көлемінде айыппұл салған. 2023 жылдың қарашасында оны ресми түрде шетелдік агент деп таныған.
Әділет министрлігінің хабарлауынша, «ол шетелдік агенттердің хабарламалары мен материалдарын таратты және Ресей мемлекеттік органдары қабылдаған шешімдер мен жүргізілетін саясат туралы жалған ақпарат таратты».
Қазіргі таңда Касьянов Ресейден кетіп, шетелде тұрып жатыр. Ол 2000–2004 жылдары Ресей үкіметін басқарған.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз