Сейсенбі, 5 Мамыр 2026 г.

$ 464.9
543.53
6.16
  • Алматы
    15°C
    • Астана
      17°C
Ру

Ресей рубль мен алтынды шектеуге кірісті: жаңа ережелер 1 сәуірден күшіне енеді

Фото көзі: : АР
ZontNews.kz
Наурыз 27, 2026, 9:13 Т.Ж.
0
22

Ресей президенті Владимир Путин Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне қолма-қол рубль мен алтынды алып шығуға шектеу енгізетін жарлыққа қол қойды. Бұл туралы ZontNews.kz. хабарлайды.

Құжатқа сәйкес, 1 сәуірден бастап жеке тұлғаларға 100 мың АҚШ долларына тең сомадан асатын рубльді Ресей аумағынан алып шығуға тыйым салынады. Ал кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін мұндай операцияларға сомасына қарамастан толық шектеу енгізіледі.

Ерекше жағдайларда қаражатты халықаралық әуежайлар арқылы алып шығуға рұқсат беріледі. Бірақ бұл үшін ақша иесі банк шотынан қаражат алынғанын растайтын құжат ұсынуы тиіс.

Сонымен қатар, 1 мамырдан бастап 100 грамнан асатын алтын құймаларын елден шығаруға да тыйым салынады. Алтынды тек Мәскеу мен Владивостоктағы арнайы әуежайлар арқылы және тиісті рұқсат құжатымен ғана алып шығуға болады.

Жеке кәсіпкерлер үшін де талап күшейтілді: енді олар ЕАЭО-дан тыс елдерге алтын шығару үшін Ресейдің уәкілетті органдарынан арнайы рұқсат алуға міндетті.

Жарлықта бұл шектеулер ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттік мүддені қорғау мақсатында енгізілгені атап өтілген.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз