Польша автобусындағы апаттан 12 адам көзжұмды
Венгрияда Польшадан келген жолаушылар автобусы ауыр жол апатына ұшырады. Салдарынан 12 адам қаза тауып, ондаған жолаушы түрлі дәрежеде жарақат алды, деп хабарлайды ZontNews.kz. Известия басылымына сілтеме жасап.
Оқиға түнгі уақытта M3 тасжолында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, автобус жолдан шығып, апатқа ұшыраған. Венгрия премьер-министрі Петер Мадьяр қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтып, зардап шеккендерге тезірек сауығып кетуді тіледі.
Автобуста 57 жолаушы мен екі жүргізуші болған. Апаттан кейін бір адамның жағдайы өміріне қауіп төндіретіндей ауыр деп бағаланған, тоғыз адам ауыр, тағы 37 жолаушы жеңіл жарақат алған. Зардап шеккендер ауруханаларға жеткізілді.
Басылым мәліметінше, жүргізушінің рульде ұйықтап кетуі апатқа себеп болуы мүмкін деген болжам қарастырылып жатыр. Ол ұсталған. Оқиғаның нақты мән-жайы анықталуда.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз