Сәрсенбі, 5 Тамыз 2026 г.

$ 471.98
543.39
5.82
  • Алматы
    21°C
    • Астана
      18°C
Ру

Оңтүстік Корея Digital Nomad визасын іске қосты

Фото көзі: ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Шілде 10, 2026, 6 Т.Қ.

Оңтүстік Кореяда Digital Nomad визасы ресми түрде іске қосылды. Жаңа виза шетел азаматтарына елде үш жылға дейін тұрып, қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды ZontNews.kz. 

Бағдарламаға сәйкес, виза алғашында бір жылға беріледі. Кейін оны екі рет ұзартуға болады.

Виза алу үшін үміткерлердің жылдық табысы белгіленген ең төменгі талапқа сай болуы қажет. Талаптар өтініш берушінің жасына және Сеул, Инчхон, Кёнгидо секілді астаналық өңірлерде немесе басқа аймақтарда тұру жоспарына қарай өзгереді. Ең төменгі табыс мөлшері жылына 37 мыңнан 74 мың АҚШ долларына дейін белгіленген.

Бұдан бөлек, үміткердің өз мамандығы бойынша кемінде бір жылдық жұмыс тәжірибесі болуы, сотталмағаны туралы анықтама мен медициналық сақтандыру полисін ұсынуы талап етіледі.

Егер өтініш беруші отбасы мүшелерімен бірге көшіп келсе, жасына қатысты талап қолданылмайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз