Әлемдік мұхит температурасы рекордтық деңгейге жетті
2026 жылдың маусым айында Әлемдік мұхит бетінің орташа температурасы 21,0 °C-қа жетіп, осы ай бойынша бұрынғы рекордты жаңартты. Бұл туралы Copernicus Marine Service мәлімдеді, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Мамандардың дерегінше, жыл басынан бергі мұхиттың орташа температурасы бақылаулар тарихындағы екінші ең жоғары көрсеткіш болды. Осы кезеңде теңіздегі жылу толқындары мұхит аумағының шамамен 82 пайызын қамтыған.
Ең жоғары температуралық ауытқулар Жерорта теңізінде, Солтүстік Атланттың орталық бөлігінде және экваторлық Тынық мұхитында тіркелді.
Сарапшылар мұхиттың жылынуын Эль-Ниньо құбылысы мен атмосферадағы парниктік газдардың көбеюімен байланыстырады. Олардың айтуынша, бұл құбылыс нөсер жауын-шашынның, дауылдар мен су тасқындарының жиілеуіне, теңіз деңгейінің көтерілуіне және теңіз экожүйелерінің әлсіреуіне әсер етеді.
Сондай-ақ ғалымдар мұхиттың көмірқышқыл газын сіңіру қабілеті төмендеп жатқанын айтып, климаттың өзгеруін тұрақты бақылаудың маңызын атап өтті.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз