Лаос президенті Қазақстанға ресми сапармен келді
Лаос Халықтық Демократиялық Республикасының президенті Тхонглун Сисулит Қазақстанға ресми сапармен келді, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Мәртебелі мейманды Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.
Сарайдың кіреберіс залында құрмет қарауылы сап түзеді. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тхонглун Сисулит бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Одан кейін құрмет қарауылы ротасының командирі сәлемдесу рапортын берді. Президенттік оркестр Қазақстан мен Лаостың мемлекеттік әнұрандарын орындады.
Екі елдің басшылары кілем төселген жолмен Қазақстанның Мемлекеттік туына қарай жүріп өтті. Бұдан соң Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тхонглун Сисулиттің шағын құрамдағы кездесуі басталды.
Айта кетейік, биыл Лаос Шанхай ынтымақтастық ұйымының диалог жөніндегі он бесінші серіктесі атанды.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз