Хантавирус тараған круиздік кеме Роттердамға жеткізілді
Хантавирус індеті тіркелген MV Hondius круиздік кемесі сапарын аяқтағаннан кейін дезинфекциялау үшін Нидерландыдағы Роттердам портына тоқтады, деп хабарлайды ZontNews.kz. Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Кеме экипажы бірден карантинге жатқызылды. Өз елдеріне орала алмайтын қызметкерлер Нидерланды аумағында оқшаулаудан өтеді. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.
Oceanwide Expeditions компаниясының мәліметінше, кемеде қазіргі уақытта 27 адам бар. Оның 25-і экипаж мүшесі болса, екеуі медицина қызметкері. Құрамында 17 филиппиндік, 4 нидерландтық, 4 украиналық, бір ресейлік және бір поляк азаматы бар.
Экипаж мүшелерінің басым бөлігі Роттердамда алты апталық карантиннен өтеді.
Айта кетейік, круиздік лайнерде тіркелген хантавирус жағдайы жаңа вакцина әзірлеу жұмыстарын жеделдеткені бұған дейін хабарланған еді.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз