Бейсенбі, 5 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    8°C
    • Астана
      -1°C
Ру

Кашпировский 86 жасында әке атанды

Фото көзі: : VK
ZontNews.kz
Қыр. 28, 2026, 3:27 Т.Қ.

Ресейлік психотерапевт Анатолий Кашпировскийдің 86 жасында әке атанғаны белгілі болды, деп хабарлайды ZontNews.kz.  

Бұл жаңалықты оның директоры Сергей Рудых мәлімдеді, деп жазады Kp.ru. Оның айтуынша, Кашпировскийдің қызы былтыр дүниеге келген. Қазір психотерапевт көпшілік алдына сирек шығып, уақытының басым бөлігін отбасына арнап жүр.

«Ол қазір қызымен уақыт өткізіп, оған барынша көңіл бөліп жүр. Қызын қатты жақсы көреді. Бұдан қандай да бір кінәрат іздеп, ауыр сырқат туралы болжам жасаудың қажеті жоқ», – деді Рудых.

Кашпировскийдің директоры оның денсаулығы нашарлады деген қауесетті де жоққа шығарды. Рудыхтың сөзінше, психотерапевт күн сайын 13-қабатқа баспалдақпен көтеріліп-түседі және 32 келілік темірлермен жаттығады.

«Ол тамақ талғамайды. Ас мәзірі өте қарапайым: жұмыртқа, сүзбе және сорпа. Диеталық тағамдарды тұтынуға тырысады. Уылдырықты мүлдем жемейді, өйткені оны ұнатпайды», – деді Сергей Рудых.
Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз