Бейсенбі, 6 Тамыз 2026 г.

$ 469.85
542.16
5.78
  • Алматы
    29°C
    • Астана
      25°C
Ру

Испания соты Шакираны ақтады

Фото көзі: : Dimitrios Kambouris / Getty Images for The Met Museum / Vogue Подробнее на: https://ulysmedia.kz/news/56471-shakira-mozhet-vystupit-s-kontsertom-v-kazakhstane/
ZontNews.kz
Мамыр 19, 2026, 4:07 Т.Қ.

Испания соты әнші Шакираны салық алаяқтығы ісі бойынша ақтап, оған бұрын төленген 55 миллион еуродан астам қаражатты қайтару туралы шешім шығарды, деп хабарлайды ZontNews.kz. сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Пайыздарды қосқанда, қайтарылатын жалпы сома шамамен 60 миллион еуроны құрайды.

Іс 2011 жылғы салық дауына қатысты болған. Мадрид соты Испания билігі әншінің сол жылы елде салық резиденті болғанын дәлелдей алмаған деген қорытындыға келген. Заң бойынша, адам Испанияда жылына 183 күннен астам уақыт өткізсе, салық резиденті саналады. Алайда сот дерегінше, Шакираның елде тек 163 күн болғаны расталған.

Салық органдары әншінің Испаниямен тығыз байланысы болғанын, соның ішінде бұрынғы футболшы Жерар Пикемен қарым-қатынасын алға тартқан. Бірақ сот бұл дәлелдерді жеткіліксіз деп таныды.

Шакира адвокаттары арқылы таратқан мәлімдемесінде ешқандай алаяқтық болмағанын айтты. Ал оның қорғаушысы Хосе Луис Прада бұл шешімді «сегіз жылға созылған ауыр процестің аяқталуы» деп бағалады.

Айта кетейік, 2023 жылы әнші 2012–2014 жылдардағы салық ісі бойынша прокуратурамен келісімге келіп, айыппұл төлеген болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз