Бейсенбі, 5 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    8°C
    • Астана
      -2°C
Ру

Ирандағы соғыс: 21 қазан таңындағы соңғы мәліметтер

Фото көзі: © Sputnik / Сергей Гунеев
ZontNews.kz
Қаз. 21, 2026, 10:15 Т.Ж.

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен арадағы қақтығысты қалай аяқтау керектігі жөнінде түпкілікті шешім қабылданатынын мәлімдеді. Ал Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Ирандағы билікті ауыстыру мәселесін Трамппен талқылағанын айтты, деп хабарлайды  ZontNews.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Дональд Трамптың айтуынша, АҚШ Иранмен қақтығысты «жақсы жолмен немесе қатаң жолмен» аяқтаудың бірін таңдауы керек.

«Бізге қалай жеңіске жеткіміз келетіні жөнінде түпкілікті шешім қабылдау қажет. Жақсы жолмен жеңеміз бе, әлде қатаң жолмен бе?» – деді ол Ақ үйде журналистерге.

Алайда АҚШ президенті бұл екі нұсқаның нақты қандай әрекеттерді көздейтінін түсіндірмеді.

Трамп Иранмен арадағы қақтығыс «жақын арада» аяқталатынын да мәлімдеді. Оның сөзінше, АҚШ әскери операцияны қазірдің өзінде тоқтата алар еді, бірақ Вашингтонға мұндай жағдайдың алдағы уақытта қайталанбайтынына кепілдік қажет.

«Біз дәл қазір кетіп, атқарылған жұмысты жақсы, тіпті өте жақсы деп бағалай алар едік. Алайда бұл мен үшін жеткіліксіз. Мұның бес, алты немесе он жылдан кейін қайталанбайтынына көз жеткізуіміз керек», – деді Дональд Трамп.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху 18 қазанда АҚШ президентімен Ирандағы саяси билікті ауыстыру мәселесін талқылағанын хабарлады.

«Мен бұл міндетті соңына дейін жеткізуге бел будым. Міндетті аяқтау – Ирандағы режимді құлату деген сөз. Мен бұл мәселені президент Трамппен бірнеше рет, соның ішінде екі күн бұрын да талқыладым», – деді Нетаньяху.

Оның пікірінше, Ирандағы қазіргі билік құлатылған жағдайда «Хезболла» қозғалысы да өз қызметін тоқтатады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз