Германияда сәбиді аштықтан өлтірген ата-ана өмір бойына сотталды
Германияның Итцехо қаласындағы сот төрт айлық қызын аштықтан өлімге жеткізген ерлі-зайыптыға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, деп хабарлайды ZontNews.kz. BILD басылымына сілтеме жасап.
Сот ата-ананы әрекетсіздік арқылы адам өлтіру және балаға қатыгездік көрсету баптары бойынша кінәлі деп таныды.
Тергеу мәліметінше, 2025 жылғы 26 қыркүйекте қайтыс болған сәбидің салмағы шамамен 1 келі болған. Ата-анасы баланың жағдайы нашарлағанын біле тұра, оны жеткілікті тамақпен және сұйықтықпен қамтамасыз етпеген.
Сәбидің анасы бала қайтыс болардан шамамен екі апта бұрын оның салмағы күрт азая бастағанын байқағанын айтқан. Алайда отбасы дәрігерлер тағайындаған тексерулерге бармаған.
Әкесі болған жағдайды психологиялық қиындықтармен, эмоционалдық күйзеліс және есте сақтау проблемаларымен түсіндіруге тырысқан.
Сотқа дейін бұл отбасы қамқоршылық қызметінің бақылауында болған. Мамандар бірнеше рет барғанымен, тексеру кезінде заңбұзушылық анықталмаған және баланың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланған.
Қорғау тарапы ата-ананың әрекетін абайсызда өлімге әкелу ретінде қарастыруды сұраған. Алайда сот ерлі-зайыптылар баланы құтқару үшін қажетті шараларды әдейі қабылдамаған деген қорытындыға келіп, екеуіне де өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын шығарды.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз