Жексенбі, 20 Қыркүйек 2026 г.

$ 446.94
513.27
5.31
  • Алматы
    30°C
    • Астана
      21°C
Ру

Германияда ер адам алты адамды атып өлтірді

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Маусым 30, 2026, 3:20 Т.Қ.

Германияның Штаде қаласындағы балалар мен жастарға арналған мекемеде қарулы шабуыл салдарынан алты адам қаза тапты, деп хабарлайды ZontNews.kz. DW сілтеме жасап хабарлайды. 

Полицияның алдын ала мәліметінше, 45 жастағы Германия азаматы, түрік текті күдікті үш айлық қызына қатысты қамқоршылық дауына байланысты мекеме қызметкерлеріне оқ жаудырған.

Қаза болғандардың қатарында төрт әйел мен екі ер адам бар. Олардың барлығы аталған мекеме мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі жергілікті қызметтің қызметкерлері болған.

Шабуыл кезінде күдіктінің сәби қызы мен оның анасы ғимаратта болғанымен, екеуі де аман қалған.

Оқиғадан кейін күдікті көлікпен қашуға әрекет жасаған, алайда көп ұзамай ұсталды. Тергеу аясында тағы бір адам қамауға алынды.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдікті бұған дейін полицияға белгілі болғанымен, қару ұстауға рұқсаты болмаған. Тергеу жалғасып жатыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз