Францияда наразылықтарға байланысты жүздеген мектеп жабылады
Францияда жалғасып жатқан оқушылар наразылығына байланысты 5 қазанда 400-ден 500-ге дейін мектеп толық немесе ішінара жұмысын тоқтатады. Бұл туралы елдің білім министрі Эдуар Жеффре мәлімдеді, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Билік қажетті қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ете алмайтын оқу орындарында сабақтарды уақытша тоқтатуды жоспарлап отыр. Наразылық басталғалы бері 24 мектеп қирап, кейбірі өртелген.
Оқушылардың наразылығы 17 қыркүйекте Париждегі мектептердің бірінде басталып, кейін Францияның басқа өңірлеріне тараған. Оқушылар наразылықтарының себептері ретінде мұғалімдердің жетіспеушілігін, оқу күнінің ұзақтығын және мектеп инфрақұрылымының қанағаттанарлықсыз жағдайын атауда.
Франция Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, дүйсенбіден бері 5 мыңнан астам адам ұсталған. Олардың басым бөлігі – жасөспірімдер. Тек жұма күні құқық қорғау органдары 1747 адамды ұстаған.
Сол күні наразылық акциялары 735 мектепте өткен. Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде білім беру саласының кемінде 78 қызметкері зардап шекті. Сондай-ақ 600-ден астам полиция қызметкері жарақат алған.
Наразылықты ұйымдастырушылар акцияларды сейсенбі күні де жалғастыруға шақырды.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз