Бейсенбі, 5 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    8°C
    • Астана
      -2°C
Ру

Flydubai ұшағынан екі дабыл түсті

Фото көзі: : Fatima Shbair
ZontNews.kz
Қыр. 30, 2026, 6 Т.Қ.

Дубайдан Тель-Авивке бет алған Flydubai әуе компаниясының Boeing 737 жолаушылар ұшағы Сауд Арабиясының әуе кеңістігінде екі рет төтенше жағдай белгісін беріп, бағытын өзгертті. Алдын ала мәлімет бойынша, бортта шамамен 180 жолаушы болған, деп хабарлайды ZontNews.kz.  

Ұшақтардың қозғалысын бақылайтын сервистердің дерегінше, экипаж алдымен халықаралық төтенше жағдайды білдіретін 7700 кодын жіберген. Біраз уақыттан кейін ұшақты басып алу немесе заңсыз араласу қаупі кезінде қолданылатын 7500 коды тіркелген.

Осыдан соң экипажбен байланыс үзіліп, ұшақ Тель-Авивтен алыстай бастаған. Қауіпсіздік саласындағы дереккөздердің мәліметінше, Израиль әскери-әуе күштері жолаушылар лайнеріне қарай жойғыш ұшақтарды бағыттаған.

Израильдік БАҚ премьер-министр Биньямин Нетаньяху мен қорғаныс министрі Исраэль Кацтың жоғары әскери басшылықпен кеңес өткізгенін жазды. Сондай-ақ Бен-Гурион әуежайындағы рейстер жағдай анықталғанға дейін уақытша тоқтатылғаны хабарланды.

Кейінірек ұшақтың Сауд Арабиясына қонғаны белгілі болды. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, оқиғаға ұшқыштар арасындағы жанжал мен төбелес себеп болуы мүмкін. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз